- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

243

- Advertisement -

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Календеров Нұржан Сәбитұлы Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Нұржан Сәбитұлы 1976 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.

Ол 1997 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Арнабол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтері болып бастаған.

Әр жылдары Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Тараз қалалық бөлімшесінде аға маман, Жамбыл облыстық бөлімшесінде бас маман, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, облыс әкімдігінің қаржы басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарған.

2011-2013 жылдары Жамбыл ауданының әкімі, 2013 жылдың маусым-желтоқсан аралығы Қордай ауданының әкімі, 2013-2017 жылдары Тараз қаласының әкімі, 2017-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы, 2019-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, 2020-2022 жылдары Шу ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

Ал 2022 жылғы ақпаннан бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

Нұржан Календеров енді облыс әкімінің бірінші орынбасары ретінде экономикалық жоспарлау, қаржы секторын дамыту, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту, көші-қон, денсаулық сақтау, еңбек қатынастары мәселелері және тағы да басқа салалар бойынша жетекшілік ететін болады.

«Aq jol» қоғамдық-саяси газеті

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support