Каспий теңізінде жер сілкінді
Каспий теңізінде жер сілкінді
Каспий теңізінің әзірбайжандық секторында жер сілкінді, деп хабарлайды.
«Жер сілкінісі бүгін сағат 09:51:41-де тіркелді. Жерасты дүмпуінің ошағы 48 км тереңдікте орналасқан, магнитудасы 3,3 балл», – делінген Әзірбайжанның ұлттық ғылыми академиясы республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының хабарламасында.