- Advertisement -

 «Aq jol» көтерген мәселе шешімін тапты

73

- Advertisement -

Облыстық «Aq jol» газетінің 2022 жылғы 30 шілдедегі нөмірінде жарияланған «Ауламды су алып жатыр» атты мақалада көрсетілген мәселеге байланысты «АMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалының өкілдері К.Байсейітова көшесіндегі №36 мекенжайға барып, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тиісті орындарға облыстық басылым арқылы жанайқайын жеткізген қала тұрғынына көмек көрсету жөнінде партия тарапынан ұсыныстар берілген болатын.

Ұсыныс бойынша Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары мен қала әкімінің инспекторлары тарапынан мақалада көрсетілген тұрғын үй маңайындағы жол астынан өтетін арық жүйесіне орнатылған құбыр тазартылып, көтерілген мәселе оң шешімін тапты.

 

«АMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалы.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support