Жамбылда не жаңалық?

Байзақ

Байзақ

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында Ақжар ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Салтанатты жиынға аудан әкімі М. Шүкеев қатысып, ауыл тұрғындары атынан еңбек ардагері Тәуірбек Әшімов құрылысты жүргізген «Сити Құрылыс» ЖШС ұжымына алғысын білдірді. Облыстық бюджеттен бөлінген 30 миллион қаржыға тұрғызылған дәрігерлік нысан бүгінгі күннің талаптарына сай болып шықты. Енді мұнда ауылдың 1200 тұрғынына 1 дәрігер, 3 орта және 1 кіші медициналық маман тұрақты қызмет ететін болады.