Жасаған жақсылығы алдынан шықты
Жасаған жақсылығы алдынан шықты
– Менің үйіме жүре ғой. Саған үстіңді құрғатып жылынып алу керек, – деді шаруа. – Жоқ, жоқ, рақмет. Мені әкем күтіп отыр. Ол кісі шамалы уайымдап қалған болар, – деді бала шырылдап. Құтқарушыға алғыс толы көзімен бір қарап, есін жинаған бала көздеген бағытына қарай жүгіре жөнелді... Таңертең шаруаның есігінің алдына қымбат сәйгүліктер ерттелген сәнді күйме келіп тоқтады. Оның ішінен бай мырза түсіп: – Кеше менің баламды құтқарған сіз бе? – деп сұрады. – Иә, мен, – деді шаруа. – Мен сізге қанша қарызбын? – деді бай. – Мырзам, мен кез келген есті адам жасайтын әрекетті жасадым. Сіз маған ештеңе қарыз емессіз! – деді шаруа. – Жоқ, мен бұл ісіңізді қайтарымсыз қалдыра алмаймын. Менің ұлым – маған өте қымбат! Түсінесіз бе? Сондықтан маған кез келген соманы айтыңыз,төлеймін, – деп тұрып алады. – Менің бұл әңгімені жалғастырғым келмейді. Сау болыңыз, – деп шаруа бұрыла бергенде, есік алдына жүгіріп оның ұлы шықты. – Бұл сіздің ұлыңыз ба?, – деп сұрады бақуатты қонақ. – Иә, – деді баласының басынан сипап тұрып шаруа әкесі мақтанышпен. – Былай болсын. Мен сіздің ұлыңызды Лондонға алып кетіп, оқуын төлейін, егер ол да әкесі секілді шүкірлігі мол адам болса, мен де, сіз де ұтылмаспыз, – деді. Арада ұзақ жылдар өтті. Шаруаның ұлы мектепті, сосын медициналық университетті бітіріп, пенициллин дәрісін ойлап тапқан, әлемге әйгілі ғалым болды. Оның есімі – Александр Флемминг еді. Соғыс кезінде Лондонның қымбат ауруханаларының біріне өкпе қабынуының ауыр түрімен баяғы бай мырзаның ұлы келіп түсті. Оның өмірін сақтап қалуға не себеп болғанын білесіз бе? Жұрттың айтуынша байдың баласын құтқарып қалған Александр Флемминг ойлап тапқан пенициллин дәрісі екен! Ал Александр Флеммингтің білім алуына жағдай жасаған мырза – Уинстон Черчилль еді. Ал оның ұлы Уинстон Черчилль кейіннен Англияның Премьер-Министрі қызметін атқарды. Сол Уинстон Черчилль: «Сенің істеген ісің өзіңе міндетті түрде қайтып келеді, – деп айтып жүреді екен. Шынында да, бұл шағын оқиғадан үлкен ғибрат алуға болады. Қазіргідей мейірім мен ізгі қасиеттер азайған заманда жақсы амалға ұмтылған кісінің еңбегі ақталатыны анық. Айналамызға нұр шашып, жақсылық жасап жүрейік, ағайын!
Есет ДОСАЛЫ