- Advertisement -

Арзымбетовке арналған турнир аяқталды

61

- Advertisement -

Әуесқой футболшы, банк саласының үздігі Темірлан Арзымбетовке арналған футболдан 2010 жылғы туылған жасөспірімдер арасындағы ашық облыстық турнир өз мәресіне жетті.

Іс-шараны облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы және Темірланның бауырлары ұйымдастырды. «Ұлан» балалар спорт мектебінің өкілдері Асхат Абданбаев бас төреші болса, Еген Дуйсенбеков те алаңдағы төреші ретінде әділдік танытты.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды №5 спорт мектебінің «Ұлан-2010» командасы жеңіп алса, №3 спорт мектебінің құрамасы жүлделі екінші орыннан көрінді. Жүлделі үшінші орын – «Тараз-2010» футбол орталығының командасына бұйырды. «Ұлан-10» командасының ойыншысы Димаш Мейірхан «Үздік қақпашы» атанды. Шымкенттік Жан Айдар «Үздік қорғаушы», №3 спорт мектебінің ойыншысы Мейірхан Сабыржан «Үздік шабуылшы», «Ұлан-10» командасының сапындағы Расул Шухратов «Үздік ойыншы», «Ұлан-10» командасының ойыншысы Дильшод Салиходжаев «Үздік бапкер» аталымдарына ие болды. Турнирді облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері және Темірланның қарындасы Әлия Арзымбетова қорытындылап, жеңімпаз бен жүлдегерлерге медаль, диплом тапсырып, қаржылай марапаттады. Жақсы турнир жалғасын таба берсе деген тілегіміз бар.

Есет ДОСАЛЫ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support