Денсаулық

Жәрдемақыларды онлайн рәсімдеуге болады

Жәрдемақыларды онлайн рәсімдеуге болады

Енді бала тууына байланысты және бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны алуға Halyk Homebank пен Kaspi.kz қосымшалары арқылы өтініш бере аласыз.

Жәрдемақыны рәсімдеу үшін осы банктердің бірінің мобильді қосымшасында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөліміне өтіп, тиісті қызметті таңдайсыз. Ары қарай дербес деректердің дұрыс жазылғанын тексеріп, өтінішті растау қажет. Өтінімді жібергеннен кейін сізге көрсетілетін қызметтің нәтижесі және тағайындалған төлем сомасы туралы PUSH-хабарлама және SMS жіберіледі. Қызмет тегін және оған бала туылғаннан кейін 1 жыл ішінде кез келген уақытта тапсырыс бере аласыз. Бұған дейін жәрдемақыға өтінішті ХҚО, eGov.kz порталы немесе 1414 нөмірі бойынша SMS сервисі арқылы беруге болатын. Жаңа қызметпен жәрдемақыны рәсімдеу бұрынғыдан да оңай бола түсті.  

Тараз қаласы бойынша№3 халыққа қызмет көрсету бөлімі.