- Advertisement -

Шерхан Мұртазаға арналды

149

- Advertisement -

Халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай үстел теннисінен аудандық жарыс өтті. Жарысқа ауылдық округтерден келген 16 спортшы қатысты.

Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мақсұтбек Арзымбетов жарысты салтанатты түрде ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Спортшылар төрт топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Әр топта жеңімпаз атанған спортшылар жартылай финалға шығуға мүмкіндік алды.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Қарасаз ауылдық округінен келген Алғабек Тоқболатов жеңіп алса, екінші орын Б.Момышұлы ауылының тұрғыны Мұхамед Иргибаевқа бұйырды. Сол секілді жүлделі үшінші орынды Жетітөбе ауылдық округінің тұрғыны Арман Ажибаев және Б.Момышұлы ауылының тұрғыны Оралбек Толықбаев өзара бөлісті.

Жарыс жеңімпаздарына дипломдар мен медальдар табыс етілді.

 

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,

журналист.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support