- Advertisement -

«Тобыл» мен «Қызылжар» үшінші кезеңге өтті

62

- Advertisement -

Конференция лигасы ойындары аясының екінші кезеңінде еліміздің төрт командасы бақ сынаған болатын. Өкінішке қарай, Алматының «Қайраты» «Кишварда» командасына, «Астана» «Ракув» командасына екі ойынның қорытындысы бойынша жол берді. Ал «Тобыл» өз елдерінде азулы саналатын Сербияның «Линкольн» командасын екі ойында да қапы қалдырса, қызылжарлық «Қызылжар» командасы сырт елдердің үздіктерімен таласып жүрген «Осиек» командасынан шеберліктерін асырып кетті.

Енді Қостанай «Тобылы» Мостар қаласының «Зриньски» командасымен, ал «Қызылжар» кипрлік «АПОЭЛ» командасымен бақ сынасады. Бірінші кездесу 4 тамызда сырт алаңда өтсе, еліміздің қос командасы 11 тамызда өз алаңдарында қарымта кездесу өткізеді. «Тобыл» мен «Қызылжарға» сәттілік тілейміз.

Ал еліміздің кубогы жолында тер төгіп жатқан жерлестеріміз «Тараз» кезекті ойынын Ақтөбенің «Ақтөбесімен» тең ойнады. Дегенмен өз тобында алдыңғы орындарда келе жатыр.

 

 Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support