Бала күтіміне арналған жәрдемақы 1,5 жасқа дейін ұзаруы мүмкін
Бала күтіміне арналған жәрдемақы 1,5 жасқа дейін ұзаруы мүмкін
«Біз әлеуметтік кодекс аясында бала күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақы мерзімін 1 жылдан 1,5 жылға ұзартуды ұсынып отырмыз. Қордың қызметі әлеуметтік жәрдемақыны төлеумен ғана шектелмейді. Біз жалпы жүйенің, оның ішінде қаржы тұрақтылығын сақтауға жауаптымыз. Жалпы әлеуметтік міндет – ұзақ мерзімді шаруа. Дегенмен дәл қазір бала күтіміне байланысты жәрдемақыны тағайындау мерзімін ұзартуға қатысты нақты ештеңе айта алмаймын», – деді бас директор. Нұрсұлу Кемелдің айтуынша, қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Қорытынды шешім көпшілікке жарияланатын болады. «Сонымен қатар асыраушысынан және еңбек қабілетінен айырылған жағдайда берілетін жәрдемақының да маңызы зор. Бүгінде аталған жәрдемақы түрін 160 мыңнан астам адам алып отыр», – деді ол. Еске сала кетсек, қазір елімізде 1 жасқа дейінгі бала күтіміне арналған төлемнің орташа мөлшері – 41 мың теңге.
«Aq jol»-Aqparat».