Денсаулық

Жасанды тоған жаңартылды

Жасанды тоған жаңартылды

ЖАМБЫЛ АУДАНЫШайданалық жастар бос уақыттарын «Алмаз» спорт кешенінде өткізеді. 2017 жылы ауыл азаматы Әділ Байұзақовтың демеушілігімен салынған кіші футбол алаңы кеш қарая жастардың бас қосатын орнына айналған.

Мұнда 17 жасқа дейінгі балалар кешкі сағат 9-ға дейін, ал кәмелеттік жастан асқан жастар түннің бір уағына шейін футбол ойнап, ойын шеберлігін арттырып жүр. Дегенмен жастардың еркін ойнауына жасанды тоғанның ескіргені кедергі келтіретінін ауылдың белсенді азаматы Жомарт Әбілдаев аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының Қарасу ауылдық округі тұрғындарымен өткен кездесуінде қозғаған болатын. Жиында аудан басшысы жастардың өтініші биыл орындалатынын жеткізген. Енді араға төрт ай салып, ауылдағы спорт кешенінің жасанды тоғаны жаңартылуда. Аудандық бюджеттен 1 миллион 876 мың теңге қарастырылып, «Ali Contract» ЖШС 452 шаршыметрге сапалы төсеніш жапсыруда.

Жүрсінгүл ЖАҚЫП