Темірлан Арзымбетов турнирі басталды
Темірлан Арзымбетов турнирі басталды
Аяқдоп аламанында тараздық бірнеше команда бақ сынап, олар алғашқы ойындарын сәтті бастады. Турнирге Арзымбетовтер әулеті және Темірланның қарындасы Әлия Арзымбетова қаржылай демеушілік жасауды көздеп отыр. Іс-шара басталар сәтте Темірлан Арзымбетовтың өмір жолы, еңбегі, жақсы қасиеттері туралы естеліктер айтылды. – Жан-жақтан келіп жатқан командаларға өте ризамыз. Футболшылар күннің ыстығына, қолайсыз ауа райына қарамай, шеберліктерін көрсетуге тырысып бағуда. Сондықтан жасөспірімдерді құр қол қайтармай, демеушілік жасап, қуантуды ойлап отырмыз. Темірлан ағам футболды жақсы көретін. Жасыл алаңда өзі де жарқылдап ойнап жүруші еді. Сондықтан рухы разы болсын деп осы турнирді дәстүрге айналдыруды көздеп отырмыз, – дейді қарындасы Әлия Арзымбетова.
Есет ДОСАЛЫ