Ашрапов – тағы да қола жүлдегер

56

Италияның Рим қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтуде. Дүниежүзілік осынау додада грек-рим күресінен жерлесіміз Юсуп Ашрапов сәтті өнер көрсетті.

Ол барлық сайыста айқын ұтып, тек жартылай финалда ғана ұпай санымен қарсыласына жол берді. Қола жүлде үшін таласта да оның жолы болды. Сөйтіп, Юсуп Ашрапов 60 килограмда Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл жамбылдықтар үшін – зор қуаныш.

Айта кету керек, бұл Ашраповтың алғашқы жүлдесі емес. Ол осыған дейін де Венгрияның Будапешт қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында да қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Осылайша, екі дүркін әлем чемпионатының жүлдегері болып үлгерген Ашраповтың болашағынан күрес мамандары да, жанкүйерлері де жақсы үміт күтіп отыр.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.