Денсаулық

Елордада "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын алуға өтінімдер қабылдау басталды

Елордада "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын алуға өтінімдер қабылдау басталды

Биыл 30 грант беріледі, олардың әрқайсысы 3 миллион теңгеден болады. Грантқа 14-29 жас аралығындағы жастар үміткер бола алады. Гранттар Қазақстан азаматтарына келесі бағыттар бойынша жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі: 🔸"Ғылым"; 🔹"Мәдениет"; 🔸"Ақпараттық технологиялар"; 🔹"Бизнес"; 🔸"Медиа". Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) 14 тамызға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, "Министрліктер үйі" Әкімшілік ғимараты (14-кіреберіс); байланыс телефондары: 8(7172)74-12-78, 8(702-000-88-12). Электрондық нұсқаны generation.kaz@gmail.com поштасына жіберу керек. Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады.