Баспаналы болудың жаңа мүмкіндігі
Баспаналы болудың жаңа мүмкіндігі
Жалпы, облыс орталығында аталған мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй құрылысы жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Мәселен, 2018 жылы бағдарлама аясында Тараз қаласындағы Сүлейменов көшесінің соңында 21 құрылыс нысанына 6 миллиард 596 миллион теңге қаражат бөлініп, сол жылдың соңында 9 кредиттік тұрғын үй пайдалануға берілді. Мұндағы пәтер саны – 720. Жалпы аумағы 10 522 шаршыметрді құрайды. Ал 12 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы 2019 жылға өтпелі болды. Бұл жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында барлығы 34 тұрғын үй құрылысына 10 миллиард 44 миллион теңге бөлінді. Осылайша, жыл соңында 17 тұрғын үй ел игілігіне берілді. Айт а кетейік, мұндағы 13 тұрғын үй кредиттік болса, 4-еуі арендалық. 2019 жылы 17 тұрғын үй келесі жылға өтпелі болды. 2020 жылы тұрғын үй саласы бойынша 50 тұрғын үй құрылысына 19 миллиард 763 миллион теңге бөлінді. Оның ішінде, 2 7 кредиттік (пәтер –1920 дана, жалпы алаңы–113 329 ш.м), 23 арендалық (пәтер – 925 дана, жалпы алаңы – 62 286 ш.м) тұрғын үй. Бұл жылы бас-аяғы 22 (арендалық 10, кредиттік – 12) тұрғын үй, 1305 (1 бөлмелі – 165, 2 бөлмелі – 840, 3 бөлмелі – 300) пәтер қолданысқа берілді. 28 нысан 2021 жылға өтпелі болды. Өткен жылы 70 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Бұл жұмыстарға 10 миллиард 616 миллион 59 мың теңге бөлініп, нәтижесінде жыл ішінде 29 (арендалық – 16, кредиттік – 13) тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал 41 тұрғын үй биылғы жылға өтпелі. Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында 42 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, 3 көпқабатты тұрғын үй қабылданды. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін қалған көпқабатты тұрғын үй н ыс ан дарын ың құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтап, тапсыру жоспарлануда. Сонымен қатар сараптамадан оң қорытындысы алынған қосымша 10 кредиттік тұрғын үйдің мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, мердігер мекемелер анықталды. Сондай-ақ 10 каркасты тұрғын үйдің жобасы сараптамадан өтуде. Нәтижесі анықталған соң, мемлекеттік сатып алу конкурсына ұсынылатын болады. 9 тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Сараптамаға шілде айының соңында ұсынылатын болады. Ал егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының өзгеруіне сәйкес, бос жер телімдерге қосымша 10 тұрғын үйге жобалық-сметалық құжаттамасын қарастыру жоспарлануда. Айта кетейік, бұл жылы бағдарлама аясында бой көтеретін 62 тұрғын үйдің құрылысына 22 миллиард 939 миллион теңге қаражат бөлініп отыр.
Шыңғыс АЛИАСҚАР,
Тараз қаласы әкімдігі құрылыс бөлімі
басшысының орынбасары.