Қазфосфатқа 5 миллион теңге айыппұл салынды
Қазфосфатқа 5 миллион теңге айыппұл салынды
Тараз аспанын 11 шілде күні қою түтін басқан еді. Бүгін осыған байланысты зерттеу жұмыстарының қорытындысы шығып, зауытқа 5 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Ақ жол газеті. Күкірт қышқылы цехының өндірісі бойынша тексеру барысында экологиялық заңнаманың 5 бұзылуы анықталды. Сондай-ақ, әрбір бұзушылық бойынша Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, орындау үшін міндетті болып табылады:
- 11.07.2022 жылы сағат 20.00-де моногидратты абсорберде технологиялық газды суаруды жүзеге асыратын сорғы істен шықты, бұл ластаушы заттың – үш күкірт оксидінің авариялық шығарылуына әкелді. Кәсіпорынның мәліметінше, сол күні сағат 20.15-те аталған цех тоқтатылды.
Аталған бұзушылық үшін ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
- Кәсіпорында құрылыстарды пайдалану және қолдану ережелері, атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларын тазалауға және бақылауға арналған жабдықтар, жабдықтың жарамдылығы, тұтастығы және герметикалығы бөлігінде сақталмайды. Атап айтқанда:
— сұйық күкіртке арналған бак 311 күкірт қышқыл цехында ақаулы күйде (жөндеуде); — корпус және газ құбырларында жылу оқшаулағыштың (қаптамасыз) герметикалығы және тұтастығы сақталмайды: — КА-501 (байланыс аппараты), жылу алмастырғыш Т-504, — экономайзер-508, банктерде 301, 304, 307, бактардың герметикалығының болмауына байланысты күкіртті сыртқы бетке ағызуға жол беріледі; — газ өткізгіштің герметикалығына байланысты қышқылдың болмашы кемуі, сондай-ақ, 1-ші моно гидратты абсорберге дейін газдың кемуі бар; -компенсатордың кірісінде және 508-экономайзер позициясының газ кірісінде, сондай-ақ, жылу алмастырғыш газ жүрісі жоғарғы бөлігінің фланецті қосылуында -504 газдың шығуы. Күкірт қышқылы резервуары Н-611 сорғысы қақпағының герметикасыздығы анықталып, соның салдарынан кәсіпорын қызметкерлерінің денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін күкірт қышқылы буларының шығарындылары жүзеге асырылған. Барлық көрсетілген фактілер бойынша растайтын материалдар (фото және бейне түсірілімдер) бар. Кәсіпорында бекітілген технологиялық регламент бар, онда күкірт қышқыл цехының газдарын тазалау және олардан күкірт қышқылын алу процесін жүргізу режимі мен тәртібі көзделген. Регламентте көзделген өндірістің технологиялық регламентін және оның жекелеген бақылау параметрлерін сақтау қатаң міндетті. Өйткені күкірттің тотығу дәрежесі ПИК (КСК) цехындағы газдарды өңдеу кезіндегі температураға байланысты болады. Осылайша, ҚР Экологиялық Кодексі 186-бабы 3-тармағы, 202-бабы 8-тармағының талаптары бұзылған. Осы бұзушылық үшін «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР Кодексі 331-бабының 1-бөлігі (Атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындыларын тазалау және (немесе) бақылау үшін құрылысжайларды немесе жабдықты пайдалану қағидаларын бұзу немесе ақаулы құрылыс-жайларды немесе жабдықты пайдалану) үшін әкімшілік жауаптылық көзделеді.
- Кәсіпорын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға орын алған авариялар, экологиялық залал келтірудің ықтимал фактісі, оның сипатын алдын ала бағалау және оның ауқымы туралы олар анықталған кезден бастап екі сағат ішінде хабарламаған. Кәсіпорындағы апатты жағдай туралы факт мемлекеттік органдардың өтініштерімен расталады (Тараз қаласы ТЖ Басқармасы РММ 12.07.2022 ж. №21-14-19-15-473, факт 11.07.2022 ж. №223110090000977 КУИ тіркелген, уақыты 23:10; Жамбыл облысы ТЖ департаменті ММ 13.07.2022 ж. №1217), сондай-ақ, кәсіпорынның өзімен. Осылайша, ҚР Экологиялық Кодексі 211-бабы 2-тармағының талаптары бұзылған.
Аталған бұзушылық үшін «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР Кодексі 327-1-бабының 1-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген міндетті мәліметтерді ұсыну жөніндегі талаптарды бұзу) әкімшілік жауаптылық көзделеді.
- Күкірт қышқыл цехын күкірт қышқылын өндіру кезіндегі технологиялық процесте тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорын күкірт триоксидінің авариялық, дүркін шығарылуын жүзеге асырды. Осылайша, экологиялық рұқсат беру рәсімі шеңберінде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілген кәсіпорынның шекті жол берілетін шығарындылары нормативтерінің жобалық құжаттамасындағы талаптар орындалмайды. Өндіріс технологиясы бойынша кәсіпорын объектісіндегі ШРШ нормативтері жобасының 7.6-тармағына сәйкес Кәсіпорында авариялық және дүркін шығарындылар көзделмеген.
Сонымен қатар, авариялық жағдайларды болдырмау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілмейді. Осылайша, ҚР Экологиялық Кодексі 85-баптың, 87-бабы 9-тармағының талаптары бұзылған. Аталған бұзушылық үшін «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР кодексі 332-бабының 2-бөлігімен (мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында қамтылған талаптарды орындамау) әкімшілік жауаптылық көзделеді.
- Өндірістік экологиялық бақылауды жүргізуге жауапты тұлға объектіде немесе жеке учаскіде Өндірістік экологиялық бақылау журналдарының жұмысын жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті. Онда қызметкерлер экологиялық заңнама талаптарын бұзудың анықталған фактілерін, оларды жою мерзімдерін көрсете отырып жазып алуға тиіс. Алайда, кәсіпорынның жауапты тұлғасы тексеру барысында осы журналда 11.07.2022 жылы күкірт қышқыл цехында болған авариялық шығарындылары туралы жазба тіркелмеген, бұл ҚР Экологиялық кодексі 188-бабының 1-тармағын бұзу болып табылады.
Аталған бұзушылық үшін «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР кодексі 324-бабының 1-бөлігімен (қоршаған ортаны қорғау бойынша экологиялық талаптарды бұзу) әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 5 миллион теңгені құрады. 2022 жылдың екінші жартыжылдығында серіктестікке қатысты берілген нұсқамалардың орындалуы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілетін болады. Сондай-ақ, Серіктестік 2023 жылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізіледі.