Жаңалықтар

Қазақ тілін ардақтайық

Қазақ тілін ардақтайық

Бұл өмірде аз күн қонақ болармыз, Мүмкін елу, мүмкін жүз жыл салармыз. Ана тілін ардақ тұтып, қастерлеп, Құрметтейік келгенінше шамамыз! Мемлекеттік тіл – Тәуелсіз елдің негізгі символының бірі. Кез-келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де – мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бастауы. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін – ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған. Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз. Әсіресе, құзырлы органдар. Оны Мемлекет басшысы да қадап айтқан Әрине, әркімнің сұранысына қарай мемлекеттік және ресми тілде жауап беру де керек. Бірақ маңыздысы құжаттардың қазақ тілінде сайрап тұруы. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз тәуір. Жалпы, әр адам, әр мемлекеттік қызметкер өз тіліне үлкен жауапкершілікпен қарағаны жөн. Өйткені, ол елінің рәмізі іспеттес.

Ақнұр Құлжабаева, облыстық әділет департаментінің инспекторы.