Жаңалықтар

Түспейді ауызыңнан «насыбайың»

Түспейді ауызыңнан «насыбайың»

Несін елден, балақай, жасырайын, Дегенің бар ата-анамды асырайын. Ал, бірақта көшеде түн жамылып, Түспейді ауызыңнан «насыбайың».

Көрмедік тірлігіңді оңған аса, Жүрген жерің қараңғы көзден таса. Не ойлап жүргеніңді ит біліп пе? Тартатының тығылып кіл «анаша».

Сол «құрғырың» алдымен арыңды алар, Сонсоң барып денсаулық, барыңды алар, Деліқұлы кейіптегі сені бір күн, Жассың демей, сұм ажал жаныңды алар.

Дүйсенбек ОРМАНОВ, Жамбыл ауданы.