Жаңалықтар

Есеп

Есеп

– Бөди кредит алып той жасады, – деді Жандайшап.
– Қарызға отырып қалды-ау қасқа! – деді жаны ашыған Тобағыл.
– Қайдағы! Ертеңіне-ақ банктің ақшасын орнына құйды. Қалғанының өзі әжептәуір...
– Айпырмай, ә!
– «Кредит алды» – аты. Негізінде ол ауданға әкім болғалы жатыр ғой. Ел содан құлақтанып қалған-ау шамасы...

Р.S. Құлақтандырып жүрген өзі. Әзірге Бөдидің әкім
болатын-болмайтыны белгісіз. Бірақ есебі түгел.

Елден естігенін оқырманға жеткізіп отырған «өсекші» – Жаппардың Болаты.