- Advertisement -

Залалсыздандыру жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде

133

- Advertisement -

Соңғы уақытта коронавирус індетінің қайта өршуі әлем елдерін алаңдатып отырғаны жасырын емес. Сол себепті, инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында сақтық шараларына көптеп көңіл бөлген дұрыс-ақ. Себебі, «Сақтансаң, сақтайды!» емес пе?

Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінде аты шулы індетке қарсы санитарлық дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.
Арнайы мамандар жүргізген сақтық шаралары барысында мекемедегі жазасын өтеушілер шоғырланатын аймақтар арнайы ерітінді қосылған қоспамен залалсыздандырылды. Бұдан бөлек, мекеме әкімшілігінде орналасқан медициналық тазартқыш құралдары қайта орнатылды.

Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support