Жаңалықтар

НЕ ҚАРА БАСТЫ?

НЕ ҚАРА БАСТЫ?

Адамды албасты басарында,

Өзін-өзі танымайды дейді, Алжығанмен бірдей боп, Маймылдан айнымайды дейді. Осы жақында, аялдамада... Екі қазақ орысша шүлдірлеп, Әңгімені «ұрып» тұр, Жастарша айтқанда әрнені шатып, Шіркіндерің «қуып» тұр. Сол жерде тұрған, Бірі - орыс, бірі - сыған Өзара қазақша сөйлесіп, Бұларға күліп тұр. Өз ұлтын сүймейтін, Өз тілін білмейтін, Бұл неғылған ақымақтар деп, Бастарын шайқап таң қылып тұр. Ал екеуі «шетелден келген деп мыналар», Өз тілін түсінбей мәңгіріп тұр. Шайтан азғырған шайтан ба? Жауап айта алмаймын бұған нақты. Өз қағынан өзі жеріп, Бұларды қандай Құдай атты?!.

Рысқали ӨМІРЖАНҰЛЫ.