Жамбылда не жаңалық?

Т. Рысқұлов

Т. Рысқұлов

Аудан орталығы – Құлан ауылында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Ауылдың ең үздік жас әлеуметтік қызметкері» облыстық байқауы өтіп, онда сегіз үміткер өзара біліктілік сынасты. Нәтижесінде рысқұловтық жас маман Александр Кутяков бірінші, қордайлық Жанар Байзақова екінші, жамбылдық Ақерке Есова мен меркілік Айнұр Қуанышбекова үшінші орын жүлделерін жеңіп алды. Басқа қатысушылар түрлі аталымдар бойынша сыйлықтарға ие болып, алғыс хаттарымен марапатталды.