Денсаулық

Жамбыл облысы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы тағайындалды

Ағымдағы жылдың 26 шілдедегі конкурстық комиссияның шешімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы - Бас мемлекеттік еңбек инспекторы болып, Айтақов Жарылқасын Әбдіғапарұлы тағайындалды. Облыс әкімінің орынбасары Еркін Құлымбайұлы басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Айтақов Жарылқасын Әбдіғапарұлы 1962 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Жаңа Талап ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын инженер-механик, 2004 жылы Тараз мемлекеттік университетін заңгер және 2007 жылы Әулие-Ата университетін педагогика және психология пәндерінің оқытушысы, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін экономист мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1985 жылы Ресей Федерациясы, Калуга облысындағы Кондров жылжымалы-механикаландырылған колоннасында учаске механигі болып бастаған. 1985-1990 жылдары Жуалы ауданы «Бурное №15» кәсіптік техникалық училищесінде оқытушы, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1990-1992 жылдары Жуалы аудандық комсомол комитеті¬нің бірінші хатшысы; 1992-1995 жылдары Жуалы аудандық әкімшілігінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі; 1995-2008 жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2008-2010 жылдары Жуалы ауданы әкімінің орынбасары болған. 2010-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі қызметінде болған. Кейіннен Жуалы аудандық мәслихат хатшысы қызметін атқарған. 30.01.2014 - 20.06.2017 жылдары Т.Рысқұлов ауданының әкімі; 27.06.2017 - 30.04.2019 жылдары Жамбыл облысы тексеру комиссиясының төрағасы; 24.04.2019 - 10.06.2020 жылдары аралығында Шу ауданының әкімі. 21.07.2021 - 2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары. 2022 жылдың 27 шілдесінен бастап Жамбыл облысы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.