Клубтарға көңіл бөлінуде
Клубтарға көңіл бөлінуде
МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында аудандағы екі ауылдың клуб үйлері күрделі жөндеуден өтуде.
Биназар ауылындағы 120 орындық клуб ғимараты бұған дейін тек ағымдағы жөндеуден өтіп келген болатын. Биыл оны күрделі жөндеуден өткізуге 49,2 миллион теңге қаражат бөлінген. Ал Мыңарал ауылындағы екі қабатты еңселі мәдениет үйінің ғимараты болса, Тәуелсіздік алғалы жөндеу көрмей, 30 жылдан бері қаңырап бос тұрған еді. Биыл осы 320 келушіге арналған мәдениет ошағын күрделі жөндеуден өткізуге 103,9 миллион теңге қарастырылып, бүгінде құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мәдениет үйі пайдалануға берілген уақытта қосымша 5 жұмыс орны ашылмақ. Екі клубтың жөндеу жұмыстарымен тараздық жеке кәсіпкер «Б.Сұлтан» айналысуда. Мамыр айында басталған жұмыстар тамыздың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП