Ірі жеті жоба жүзеге асады
Ірі жеті жоба жүзеге асады
«Talas Investment Company» ЖШС 25,8 миллиард теңге қаржы құю арқылы зауыттың екінші кезеңін іске қосып, натрий цианидін өндіруді жылына 15 мыңнан 30 мың тоннаға дейін ұлғайтпақ. «Asia Chem» компаниясы 5 миллиард теңгеге жылына 150 мың тонна фосфор минералдарын шығарады. Ал жылына 25 мың тонна натрий пиросульфитін өндіруді жоспарлап отырған түркиялық «Koyuncu group» компаниясы 2,2 миллиард инвестиция құяды. Өз кезегінде «Қаратау Про» кәсіпорны 1,085 миллиард теңге құю арқылы мәрмәр өндірісін 110 мыңнан 190 мың тоннаға дейін ұлғайтуды мақсат етуде. Жаңартылған энергия көздерін өндіретін «ВЭС Шеңгелді», «ВЭС Шеңгелді-2» және «Новотеэкс» компаниялары 5,487 миллиард қаржы бөлу арқылы әрқайсысы 4,5 мегаватт болатын энергияны халық игілігіне ұсынбақ.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП