Денсаулық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды

ҚР Президенті Қ.Тоқаев өз сөзінде: «Қоғамның басты талабының бірі – әділдік пен заң үстемдігін орнату. Бұл жолдағы ең үлкен кедергі сыбайлас жемқорлық екені сөзсіз. Біз осы қоғамдық кеселді қалайда жеңуіміз керек. Бұған қатысты менің ұстанымым өзгермейді» - деп атап өткен болатын.  width=

Меморандумды қабылдаудағы басты мақсат – Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізу, осы жұмысты мемлекеттік органдармен қатар, қоғам өкілдерінің де қатысуын қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының ТӨРТІНШІ міндеті: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту» бағыты бойынша құрметті мемлекеттік қызметшілер мен жастар ұйымдары көшбасшыларының қатарынан спикерлер пулы құрылды. Облыстық қоғамдық кеңестің жанында азаматтық бақылауды жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрылды, басқа да шаралар іске асуда. Осы орайда, Жамбыл облысында билік пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара ықпалдастық танытып ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет  қалыптастыруға және жемқорлық көріністеріне «нөлдік» төзімділік таныту мақсатында Меморандумға қол қойылды. Меморандумға қол қойған тараптар: -         «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының директоры Қ.Төлендиев; -         ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Жылқыбаев; -         Жамбыл облысы бойынша ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқарма басшысының м.а. Г.Дүйсембекова; -         Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы М.Мәтен; -         Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы М.Әбдіраймов; -         «Аманат» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Қ.Жетібаев; -         «Әділет жолы» РҚБ Жамбыл облысы бойынша филиалының жетекшісі Н.Жувандикова.