Жапон гранты – шулықтар игілігіне
Жапон гранты – шулықтар игілігіне
Шу қалалық ауруханасы адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша халықаралық «Шөп тамырлары» деп аталатын орта деңгейдегі әлеуметтік жобаларға берілетін шектеусіз көмек бағдарламасы аясындағы 105 515 АҚШ доллары көлеміндегі грантты жеңіп алды. Жаңа жабдықтар алдағы қараша айында жеткізіледі деп күтілуде. Аса қажет құралдардың ішінде Team моделі Sonicaid сериясының КТГ тіркеуіне арналған толық (эмбриондық) мониторы, MISUNO MOT операциялық үстелі, BSM-3562 модельді кардиомониторы, ЭКГ және АД Валента тәуліктік мониторлық кешені, «Ангиодон-ЭХО» бас миы құрылымының эхо-дыбыстар жүйесін түсіруге арналатын талдау құрылғысы және тағы басқалары бар. Мамандар бұл жабдықтар қала және аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыратынын айтып отыр. Аталмыш бағдарлама 2014 жылдың 17 наурызында Жапония елшісі Масайоши Камохара мен Шу қалалық ауруханасының бас дәрігері Сейсенғали Ақпаевтың өзара келісім-шарттар негізінде жүзеге асырылған.
Толқын Өмірбаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз орталығының жетекшісі.