- Advertisement -

Меркурий – айдың сыңары

634

- Advertisement -

Көп ғасырдан бері астрономдардың арасында «Меркурийді көрген астро­ном бақытты» деген мәтел қалып­тасқан. Тіпті, бұл бақыт бірнеше жылдан бері Меркурийге бақылау жүр­гізген Коперникке де бұйырмағаны айтылады.

Меркурийдің нашар көріну себебі жалпыға белгілі. Ол Күнге ең жақын орналасқан және Күн жүйесінің бірінші әрі ең кіші ғаламшары. Меркурийдің Күнге жақын орналасуы оны бақылауға кедергі келтіреді. Оның жақсы көрінбейтіндігі де содан. Бұл ғаламшар мен біздің орталық күн жүйесі денесін тек қана 58 миллион шақырым қашықтық бөліп жатыр, бұл Жерден Күнге дейін 2/s жуық арақашықтықты құрайды. Алайда, бұл орташа шама. Кейде Меркурий күнге 46 миллион шақырымға дейін жақындай түседі, ал кейде Күннен арақашықтығы 70 миллион шақырымға дейін өседі.

Аспанда Меркурий Күннің тікелей көршісі болғандықтан оның көз шағылыстырар сәулесінің тасасында үнемі дерлік қалып қояды. Тек ең қолайлы түрлі жағдайлардың тоғысуында Меркурий Күннен 28 градусқа алыстайды, ол Айдың 56 көрінетін енін құрайды. Бұл кезеңде оны кейде таңсәріде немесе кешкі шапақта жарық жұлдызша ретінде бақылауға болады.
Меркурийді зерттеудің жаңа кезеңі 1974 жылы ғана басталды. Сол кезде американдық планетааралық стансасы «Маринер – 10» үш рет Меркурийге жақын ұшып барып, ғаламшар бетінің бірнеше бейнесін Жерге жібереді. Сонда Меркурий бейнесінің Аймен ұқсастығы ғалымдарды таңқалдырды. Ол бейнелерді көрген селенолог-мамандар ғана болмаса қарапайым адамдардың суреттегі ғарыштық дененің Ай немесе Меркурий екеуінің қайсысы екендігін ажырата алуы қиынға соғар еді.
Меркурий Күнді көп адамдар ойлағандай, әрқашан бір жағынан айналмай, ось айналасында 58 тәулік ішінде айналып шығатын­дығы анықталған. Бұл ось меркуриан орбитасы жазықтыққа перпендикуляр, ал ол тәулігіне Меркурийге 2/3 меркуриандық жылды құрайды. Жалпы Күннің Меркурийге көрінетін қозғалысы өте ерекше болуы тиіс. Екі қозғалыстың үйлесуінен Меркурийдің кейбір ауданында шығыста да, батыста да күннің шығуы мен батуы тәулігіне екі рет болады. Меркуриан аспанында қозғала отырып, Күн кейде тоқтайды, кейін кері кетеді, содан соң «ойланып», алдыңғы қозғалыстарын қайталайды.
Меркурий экваторында түс мезгілінде температура 400-500 градусқа дейін көтерілсе, түнде 160 градусқа дейін түседі. Мұндай күрт температуралық кереғарлық атмосфераның болмауымен түсіндіріледі. Қатаң түрде айтқанда, «Маринер – 10» Меркурийде атмосфера тапқан, бірақ оның тығыздығы бөлме ауасы тығыздығынан 500 миллиард есе аз. Ол атомдары Күнді «күн желі» (яғни, Күннен үздіксіз шығатын протон тасқыны мен альфа-бөлшектер) арқылы қоятын гелий мен сутектен тұрады. Меркурий атмосферасындағы сутек гелийге қарағанда 50 есе аз, және бұл өте сұйытылған атмосфера динамикалық тепе-теңдік күйінде: атом тарту күші аздығынан Меркурийде атмосфера үнемі жоғалады, бірақ, оларға кезекке «күн желінен» жаңа протондар, альфа-бөлшектер, электрондар келіп түседі.
Меркурий суреттерін мұқият зер сала зерттесе, оның бетінде айдан айырмашылықтарды байқауға болады. Мұнда яғни, Меркурийде құрлықтық рельеф барлық жерінде дерлік көрінеді және бір ғана Аптап Теңізі деп аталатын «теңіз» бар. Меркурийде Айда кездеспейтін, ерекше эскарп деп аталатын рельеф формасы бар. Бұлар биіктігі 2-3 км, ұзындығы жүздеген және мыңдаған километрге созылған бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ үстіңгі беті аумағын тұтастай екіге бөліп жатқан тік құлама жарлар. Деректерге қарағанда, меркурий де алғашында ай сияқты өте ыстық, балқыған күйде болған. Меркурий суреттерінде көптеген лава көшкінінің іздері бар, ол меркурийдің вулкандық белсенділігінің қазір жоғары тұруы мүмкін екендігін көрсетеді.
Меркурийдің үстіңгі қабатының химиялық құрамы туралы әзірге жанама мәліметтер бойынша жорамалдауға болады. Планетаның орташа тығыздығы (5,44г/см3) айтарлықтай жоғары, ол дегеніміз – Меркурийдің темірникельді ядросы бар, ол барлық массаның 62 пайызын құрайды деген сөз. Бұл ядроның радиусы 1840 км-ге жақын. Осылайша, Меркурий өзінің құрылымы тұрғысында Жерді еске түсіреді. Сонымен қатар Меркурий ядросын қалыңдығы 600 км-ге жуық силикатты қабық қоршайды, ал үстіңгі қабатының тығыздығы Айдыкімен (3.0-3.3г/см3) бірдей. Жалпы, екі ғарыштық дененің ұқсастығы үлкен болғаны сонша, егер біреулер екеуінің орнын алмастырып қойса, жер бетінде тұрушы адамдар оны байқамауы да мүмкін.

Фариза Әбдікерімова,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support