Қазақстанда Балалар жылында 19 түзету және 7 оңалту орталығы ашылады
Қазақстанда Балалар жылында 19 түзету және 7 оңалту орталығы ашылады
Қазақстанда Балалар жылында 6 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК), 19 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК) және 7 оңалту орталығы ашылады. Олар балаларға әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзету арқылы қолдау көрсетуге қажеттілік бар өңірлерде құрылады.
Бүгінгі күні елімізде 88 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 211 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 14 оңалту орталығы және 213 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді.
Сонымен қатар елімізде арнайы білім беру ұйымдарының саны да айтарлықтай өсті. Балалар жылында Тараз, Орал және Қарағанды қалаларында аутизмі бар балаларға арналған 3 қолдау орталығы ашылды. Ерекше балалармен тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Оңалту және психологиялық-педагогикалық түзету қызметтері мемлекеттік қызмет болып есептеледі және ол тегін көрсетіледі.