Денсаулық

Облыс әкімі Сарысу ауданының тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады

Облыс әкімі Сарысу ауданының тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сарысу ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдаулар өткізді. width=

Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты. Аймақ басшысы алдымен Жайылма ауылдық клубында жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесуде ауылдықтар көкейде жүрген өзекті сауалдарын жолдап, жауаптар алды. Жайылмалықтар әсіресе ағын су, таза ауыз су, көпір салу, шабындық, жайылым тапшылығы, Маятас ауылына мектеп салу секілді бірқатар мәселелерге айрықша назар аудартты.  width= Облыс әкімі ауылда соңғы жылдары айтарлықтай оң өзгерістер орын алып, көптеген жұмыстар атқарылғанына көңіл бөліп, басқа да мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді. Дәл осындай кездесу Жаңатас қаласында да өтті. Мұнда тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй, инфрақұрылым, абаттандыру, газдандыру, жол , жарықтандыру, жастар тәрбиесі, спорт кешенінің қажеттілігі секілді мәселелерді көтерді. Нұржан Нұржігітов барлық сұрақтарға жауап беріп, кейбір мәселелер бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Тұрғындардың сауалына орай аймақта атқарылып жатқан жұмыстарға да қысқаша тоқталып өтті.

Сондай-ақ, биыл жауын-шашынның мол түскенін тілге тиек еткен аймақ басшысы суармалы алқап көлемін арттыру бағытында атқарылып жатқан шараларды атап өтіп, қолда бар суды үнемді әрі тиімді пайдаланудың маңыздылығын жеткізді.  width= Жаңатастықтардың барлық сауалдары мен көтерген мәселелеріне барынша мұқият ден қойған облыс әкімі ешбір өтініш ескерусіз қалмайтынын, дегенмен жауапкершілік екі жақтан бірдей болу керектігін баса айтты.

 width=

Кездесулерден соң облыс әкімі жергілікті азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізді.

Жамбыл облысы әкімдігі