- Advertisement -

Қордаланған мәселелер жасырын қалмауы қажет

78

- Advertisement -

Жаңа Қазақстанның бүгінгі ұстанымы әділдік пен ашықтықтан ауытқымауы керек.

Бүгін ауданымызға келген ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлының жұмыс сапарын өңір тұрғындары үшін ұтымды пайдалана алдық деп ойлаймын.

Ауданның алдыңғы буын ағалары да атқарылған істерді ғана емес, көптен бері түйіні тарқатылмай жүрген мәселелерді Президент кеңесшісінің назарына ұсынды.

Басқосуда ардагер Сайлаубек Ережепбаев Қостөбе ауылы маңында орналасқан кәріз суының көлемі ұлғайып, ауаның ластанғанын, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев теміржол аумағындағы тұрғындар орталыққа баруы үшін поездың астынан өтетінін айтып, аспалы көпірдің қажеттігін көптен бері қозғап келе жатқанын жеткізді.

 

Батагөй ақсақалымыз Орынбай Рысбаев Тараз қаласы маңындағы алпауыт «Казфосфат» зауытының үйіндісі жақын маңдағы ауылдарды ластап, экологиялық проблемаға айналғанын және Бірлесу-Еңбек ауылының қариясы республикалық бағдарлама аясында жөндеуден өткізіліп жатқан каналдар мен латоктардың жұмысындағы кемшіліктерді атап өтті.

Бұдан басқа да қажеттіліктер айтылды. Ауылдықтардың талап-тілегін назарға алған Мәлік Нұржанұлы көтерілген сауалдарға зерделеу жүргізіп, Мемлекет басшысының назарына жеткізуге үлес қосатынын айтты.

 

Сондай-ақ, ҚР Президентінің кеңесшісі аудандағы мәдениет саласындағы жетістіктерімізбен де танысты.

Ерлан Қыдыралыұлы,

Жамбыл ауданының әкімі 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support