- Advertisement -

Қырық «Волганың» хикаясы

91

- Advertisement -

Бөрібай Биқожаұлымен мен 1985 жылдан бері таныспын. Ол – Жезқазған облысы, Приозерный ауданы, «ХХІІ партсъезд» атындағы кеңшардың директоры, мен – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары едім. 1989 жылы ол облыстық ауылшаруашылық одағына (ол кезде сондай ұйым бар еді) төраға болып келді. Кейіннен облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін жемісті атқарды.

Бір естен кетпейтін жағдайды айта кетейін. Бөрібай – Жезқазған облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, мен – облыстық «Сельхозтехника» бірлестігінің төрағасы едім. Облыста «Терісаққан» және оған көршілес тағы бір кеңшар бар. Бір жылы осы екі кеңшар бұрынғыдан 5 есе артық астық беріп, 22 мың гектар жердің астығын бүкіл облыс тасып үлгере алмады. Содан жоспардан артық берілген әр 400 тонна астыққа бір көлік беріліп, облысқа судай жаңа қырық «Волга» келгені. Ол көліктер мен басқаратын облыстық «Сельхозтехника» мекемесі арқылы келді. Содан облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы әлгі жаңа көліктерді бөліп алғылары келеді ғой. Сонда Бөрібай Биқожаұлы осы мәселеге араласып, «Волгалардың» тек кеңшар қызметкерлері мен диқандарына тиесілі екенін дәлелдеп шықты. Ол үшін Алматыдағы министрлік өкілдерінен де еститін сөзін естіді. Егер ол басын бәйгеге тігіп, осындай ерлікке бармағанда менің де жағдайым қиындап кететін еді. Сондықтан Бөрібайдың бұл азаматтығын ешқашан ұмытпаймын.

Бәкең достыққа өте адал. 2015 жылы жұбайым өмірден озды. Сол кезде ол Өзбекстан Республикасында елші қызметін атқарып жүрген. Олар қызмет бабында мұндай мәселелерді сөйлесе бермейді. Сондықтан ол шекарадан өтіп, Сарыағашқа келіп, менімен хабарласып, көңіл айтқаны жүрегімді елжіретті.

Қабдрахман САДУАҚАСОВ,

еңбек ардагері

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support