Қырық рет қан тапсырғанға қандай құрмет көрсетілуі керек?
Қырық рет қан тапсырғанға қандай құрмет көрсетілуі керек?
Бүгінгі таңда елімізде 18 жастан асқан кез келген дені сау, медициналық тексерістен өткен адам медициналық мақсаттар үшін қан және оның құрылымдарын тапсыруға ерікті донор бола алады. Донор болу үшін оның салмағы 50 килограмнан төмен болмауы, артериялық қысымы 100/60-тан 160/90 мм аралығында, тамыр соғысының жиілігі минутына 50-100 соғыстан аспауы керек. Оған қойылатын талап, донорлыққа ниет білдіргендер бұрыннан бар аурулары, есірткі заттары, психотроптық заттар және прекурсорларды пайдалану туралы мәліметтердің барлығын хабарлауға міндетті. Донорларды қабылдау қан орталықтарында азаматтарды жеке куәлік, әскери қызметтегілерді әскери билеттері бойынша жүзеге асырылады. Қан тапсырғанға дейін майлы, ащы, сүт өнімдерінен жасалған тағамдарды қолдануға болмайды. Донор қанды аш қарынға тапсырмауы керек. Кешкілікте 6-7 сағат ұйықтар алдында кешкі асты ішкен жөн, ал қан тапсыратын күні жеңіл таңғы аспен шектелу қажет. Қан тапсырар алдында және тапсырған күні алкоголь ішімдіктерін пайдалануға тыйым салынады. Облыста донорларды қабылдап олардан қан өнімдерін дайындау тек бір ғана мекемеде, атап айтқанда, облыстық қан орталығында жүзеге асырылады. Қан орталығы Қазақстан мемлекетінің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында пайдалануға берілген ғимаратта орналасып, онда дүниежүзінің ең дамыған 18 мемлекетінде, оның ішінде АҚШ,Ұлыбритания, Жапония, Оңтүстік Корея, Канада, Германия және тағы басқа елдердегі соңғы үлгідегі медициналық құрал- жабдықтармен қамтылған. Донорлардан қан алу процедуралары тек бір рет қана қолданатын материалдармен жүргізіледі, бұл донорларды және медицина қызметкерлерін жұқпалы аурулардан толықтай сақтауға қол жеткізді. Сонымен қатар дайындалған қан өнімдері зертханаларда жабық түрдегі анализаторларда қан арқылы таралатын жұқпалы аурулардың макерлеріне толықтай тексеріледі. Донорлардың денсаулығын қорғау мақсатында қан тапсырғаннан соң болатын әртүрлі жағдайларды жеңілдету үшін ақысыз медициналық көмек беру біздің елде заңды түрде белгіленген. Қанын тапсырған әрбір донорға 0,25 айлық есептеу көрсеткіштен 2 АЕК мөлшерінде қаржылық өтемақы төленеді. Сонымен қатар қан тапсырған күні олардың орташа жалақысы сақталатын болып жұмыстарынан босатылады, бір күндік демалыс, болмаса өзінің қалауымен жылдық демалыс мерзіміне бір күн қосып алуына мүмкіндік беріледі. Елімізде 40 рет қан, 60 рет плазмасын тапсырған донорлар «Қазақстан Республикасы Д енс аулық ісіне қо сқан үле сі үшін» төсбелгісімен марапатталады. Қазақстан Республикасының Парламенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметінің қарауына қан тапсырған донорларға қосымша әлеуметтік жәрдемақы ретінде: қалалық жердегі көлікте ақысыз жүру, жұмыс берушілерге сауықтыру орындарына алғашқылардың бірі ретінде жолдама беру, қан тапсырғаннан соң донорларға 1 АЕК көлемінде ақы төлеу және тағы басқа қосымша көмек жәрдем берулерді сұрап ұсыныс жасадық. Қазіргі таңда облыста 15 мыңға жуық донор тұрақты түрде өз қанын беріп адамдар өміріне араша болуда. Донорлар атына арнайы түсіп жатқан мыңдаған адамдардың ризашылығы – әрбір қан тапсырушыға деген олардың күнделікті өмірінің бекер өтіп жатпағанының дәлелі.
Бақберді КЕЗЕМБАЕВ,
қан қызметінің ардагері.