ТІЛ МӘРТЕБЕСІНЕ мектептен мән берген жөн
ТІЛ МӘРТЕБЕСІНЕ мектептен мән берген жөн
Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты да сол, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосумен қатар қазақ тілін қадірлейтін, мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру екен. Осы жоспарлы істердің нәтижесінде жасөспірімдер мен мектеп ұжымын мемлекеттік тіл нормаларын сақтап, еркін сөйлеп, сауатты жазуға үйрету көзделіпті. Сәйкесінше, мектеп мұғалімдері айлық аясында ашық сабақ, семинар, және сыныптан тыс іс-шаралар өткізген. Мысалы, тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлттың ұлы – ұстазы», «Ұлылықтың отын жаққан шырақшы» тақырыбында челлендждер жолдаса, көрнекті жазушы Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдығына орай пән мұғалімі А.Мамаева әдеби музыкалық «Дәурен-ай» атты кеш өткізген. Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың өнегелі өміріне, шығармашылығына шолу жасау мақсатында мектеп мұғалімдері Т.Маханбетқұлова мен А.Ақылтаева «Абай мұрасына саяхат» тақырыбында зияткерлік сайыс ұйымдастырған. Бұдан бөлек қазақ тілі пәні мұғалімдерінің бастамасымен мектептегі өзге ұлт өкілдерінің сөйлеу шеберлігін дамыту мақсатында «Қазақшаңыз қалай?» атты шараның да өзіндік маңызы бар. Қазақ тіліне арналған айлықтың жабылу салтанатында пән мұғалімдері белсенділігімен көзге түскен оқушыларға базарлық үлестіріп, марапаттады.
«Аq jol»-Aqparat».