Денсаулық

«Тараз» «Каспийге» есе жіберді

«Тараз» «Каспийге» есе жіберді

Премьер-лигада көш бастаған «Тараз» футбол клубы сырт алаңда ақтаулық «Каспийге» есежіберді. 

Жалпы алғанда Мәзбаевтың шәкірттері премьер-лиганың 12 турына дейін еліміздің үздік клубтарымен тайталасуға қауқарлы екенін дәлелдеді деуге толық негіз бар. Себебі кейінгі жылдары 10-орыннан әрі аса алмай жүрген жергілікті клубтың қарқыны биыл жақсы. Мұны біз жергілікті клубтың «Каспийге» қарсы ойынынан кейін де анық аңғардық. Алаң иелері кездесудің 24 минутынан-ақ басымдыққа ие болды. «Тараздың» қорғаушысы Елдос Ахметов қарсылас команданың шабуылын тоқтатқанымен, қызыл қағаз алып тынды. Араға екі минут салып, Бауыржан Байтана қолмен ойнап, тараздықтардың қақпасына айып соққысы белгіленді. Өз кезегінде Мақсат Тайкеновтың добы қақпа бағанасына тиіп серпілгенімен, Никола Цуцкич теңбіл допты баспен тоғытып кетті. Ол аз болғандай ойынның 29 минутында «Тараздың» капитаны Бауыржан Байтана қарсыласын шалып жығып, екінші сары қағазбен ойыннан қуылды. Осы үстемдікті пайдаланған ақтаулықтар араға бес минут салып, есепті еселеді. Бұл жолы көзге түскен Павел Киреенко болатын. Қуаныштысы сол, бірінші тайымда-ақ «теңсіз» ойынға тап келген жергілікті клубтың ойыншысы Мақсат Әмірханов матчтың аяқталар тұсында есеп айырмасын қысқартып, ерлік жасады. Сонымен турнирлік кестеде «Каспий» 22 ұпаймен көш бастаса, одан кейінгі орынға «Астана» мен «Тараз» клубтары жайғасты.

 Сәндібек ПІРЕНОВ.