Спорт және туризм

Айбек Нұғымаров "Әлем барысы" турнирінің финалында кубалықтан жеңілді

Айбек Нұғымаров "Әлем барысы" турнирінің финалында кубалықтан жеңілді

"Қазақстан Барысы-2013" турнирінің жеңімпазы Айбек Нұғымаров Павлодарда өткен "Әлем Барысы" финалында жеңіліс тапты,- деп хабарлайды Vesti.kz. Финалда Айбек Нұғымаров Пекинде өткен Олимпиада жүлдегері кубалық Видал Брайсонмен кездесті. Кубалық палуан Айбек Нұғымаровты көз ілестірмейтін шапшаң қимылмен лақтырып үлгерді. Қазақ күресінен алғаш өткізілген турнирде қола медальді Максим Ширяев иемденіп, 10 мың доллар сыйақы алды. Айбек Нұғымаров 20 мың долларды иемденді. Бейбіт Ыстыбаев төртінші орын алды. Ал "Әлем барысы" чемпионы кубалық Видал Брайсон алтын белбеумен қоса, 100 мың доллар сыйақы алды.

Ақпарат көзі tengrinews.kz