Денсаулық

Мемлекеттік қызметшілер спортта да мықты

Мемлекеттік қызметшілер спортта да мықты

Қызылжар қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында республикалық спартакиада өткен болатын. Осы спорттың 7 түрі қамтылған жарыста жамбылдық құрама сәтті өнер көрсетті.

Атап айтқанда, ерлер арасында суда жүзуден ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкері Әділбек Бағжан чемпион атанса, әйелдер арасында үстел теннисінен облыстық қазынашылық департаментінің қызметкері Айгүл Нұрпейісова алтыннан алқа тақты. Сонымен қатар облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Медет Атен ерлер арасында тоғызқұмалақтан «Үздік ойыншы» атанды. Ал еліміздің 16 өңірінен келген 700-ге жуық қатысушылар арасынан жамбылдық құрама жақсы өнер көрсетіп, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарынан кейінгі төрттіктен көрінді.

 Есет ДОСАЛЫ