Саясат

Талас та қуаныш құшағында

Талас та қуаныш құшағында

Қаратау қаласында облысымыздың 75 жылдығына арналған акция өтті. Оған қаладан мекемелер мен ұйымдардың өкілдері, оқу орындарының ұстаздары, білімгерлері жиналды. Жұртшылық алдында Талас ауданы әкімінің орынбасары С.Дадабаев құттықтау сөз сөйлеп, облысымыздың жетпіс бес жыл ішіндегі қол жеткен табыстарына жан-жақты тоқталды.

Талас ауданының құрметті азаматы Байзақ Көлбайұлы ел Тәуелсіздігінің арқасында, Елбасының көреген саясатының нәтижесінде Қазақстанның, оның ішінде облыстың жаңа дәуірінің басталғанын мақтаныш сезіммен айтты. – Отанды сүю отбасынан басталады десек, – деді М.Әуезов мектебінің мұғалімі А.Байболатова, – онда бүгінгі жас ұрпақ өлкесінің тарихын біліп қана қоймай, онымен мақтануға тиіс-ті. Жетпіс бес жыл ішінде Қазақстандағы іргелі облыстардың біріне айналған өңіріміз үшін біз мақтанамыз. Жиын соңында Ұлбике ақын атындағы мәдениет үйінде өнерпаздар мерекелік концерт қойды. Сөйтіп, жұртшылық туған өлкесінің тарихи күнін зор қуанышпен атап өтті.

Сәулембай Әбсадықұлы, «Ақ жол».

Талас ауданы.