Кадрлық тағайындауларда меритократия қағидатына баса мән береміз
Кадрлық тағайындауларда меритократия қағидатына баса мән береміз
БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов қоғам тарапынан көп көтерілетін әрі көпшіліктің көкейіндегі кадр мәселесіне де тоқталды.
Талдау көрсеткендей, соңғы 3 айда облыстың жергілікті атқарушы органдарында лауазымдық өсу іскерлік қасиеттерге негізделе отырып, төменгі лауазымдағы 55 мемлекеттік қызметші бос тұрған жоғары лауазымдарға орналасты. 4 жетекші маман бас маман, 26 бас маман бөлім басшысы, бас инспектор, сектор меңгерушісі, 7 бас инспектор бөлім басшысы, 10 бөлім басшысы аппарат басшысының орынбасары, басқарма басшысы, басқарма басшысының орынбасары, аппарат басшысы, округ әкімі, 1 орынбасар басқарма басшысы, 3 басқарма басшысы аудан әкімі лауазымдарына тағайындалған.