Мектеп асханаларындағы ас сапасы – басты назарда болады
Мектеп асханаларындағы ас сапасы – басты назарда болады
Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов БАҚ өкілдерімен кездесуінде бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымдылығына қарамастан, туындап отырған мәселелердің де жоқ еместігін айтты. Ағымдағы жылы білім саласына 244,4 млрд. теңге бөлінді. Бұл облыс бюджетінің 53 пайызын құрайды. Биыл 22 білім нысанының құрылысына 7,6 млрд. теңге қаржы бөлініп, 7-уі пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 10 мектептегі жұмыстар аяқталады. Бұдан бөлек 4,1 млрд. теңгеге 18 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтуде. Осы жұмыстардың нәтижесінде, 2 үш ауысымды, 2 оқушы орын тапшылығы бар, 6 тозығы жеткен мектептің мәселесі шешілмек.
Осы жылы облыста 2 197 орынды құрайтын 24 балабақша ашу көзделсе, жыл басынан бері 1 600 орындық 11 жекеменшік балабақша пайдалануға берілді. 3-6 жас аралығындағы балалар балабақшамен 100%-ға қамтылған. Облыс әкімі білім ошақтарының асханаларындағы ас сапасы басты бақылауда екенін жеткізді.
Сонымен қатар, Нұржан Нұржігітов денсаулық сақтау саласына да тоқталды.