Денсаулық

Жамбыл облысында ШОБ субъектілері 85 мыңға дейін артады

Жамбыл облысында ШОБ субъектілері 85 мыңға дейін артады

Ағымдағы жылдың 6 айында жамбылдық кәсіпкерлік субъектілеріне 10,5 млрд. теңге шағын несие берілді. Екі мыңнан астам азаматқа 3,3 млрд. теңге грант бөлінді.

БАҚ өкілдерімен кездесуде осылай деген облыс әкімі Нұржан Нұржігітов кәсіпкерлерге жағдай жасау, мүмкіншіліктер ұсыну, мәселелерін шешу – басты талап екендігін  атап өтті.

 width=

Өнеркәсіпті дамыту бағытында «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын дамыту ісіне де мән берілуде. Ондағы жобалар тек химиялық жобалармен шектелмейді. Бүгінгі таңда аталған аумақта 3 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ден қойылуда. Олар: «Qazsugar Co» ЖШС – жылына 150 мың тонна қант өндіретін зауыт құрылысы, «AltynalmasReagents» ЖШС – жылына 25 мың тоннаға дейін натрий цианиді өндірісі, «TAS Market» ЖШС – жылдық қуаттылығы 60 мыңнан 100 мың тоннаға дейін ферросилиций, ферросиликомарганец, техникалық кремний, түсті металл өндіретін металлургиялық комбинат құрылысы.

Осы жұмыстар жүзеге асқан жағдайда облыста еңбек өнімділігі 8,5 пайызға, өнеркәсіп өнімінің көлемі 275 млрд. теңгеге артып, экспорт көлемі 95,9 млрд. теңгені құрайтын болады. Сондай-ақ, өңірде жұмыс істеп тұрған 77,2 мың шағын және орта бизнес субъектілерін 85 мыңға дейін жеткізіп, ондағы жұмыспен қамтылғандардың санын арттыра отырып, өндірілген өнім көлемі 7%-ға ұлғаяды деп жоспарлануда.