Жамбыл облысында биыл субсидияға бөлінген қаржы көлемі 50 пайызға артты
Жамбыл облысында биыл субсидияға бөлінген қаржы көлемі 50 пайызға артты
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуде Жамбыл облысының әкімі аймақта биыл субсидияға 31,2 млрд. теңге бөлінгенін жеткізді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырған 50 пайызға артқан.
Жалпы, 2021 жылы облыстың ауылшаруашылығы саласын қолдауға барлық көздерден 36,3 млрд. теңге, оның ішінде 19,4 млрд. теңге субсидия қаралған болса, биыл бұл мақсатқа 60 млрд. теңге бөлініп отыр. Сондай-ақ, аймақ басшысы 2019 жылы бастау алған ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту бағытындағы пилоттық жоба өзінің жалғасын табатынын айтты.
Айта кетейік, ағымдағы жылы пилоттық жоба аясындағы жеңілдіктермен қамту үшін облыстың тағы 10 ауылдық округі айқындалып отыр. Бұл бағытқа 6,4 млрд. теңге қаржы қажет. Қазіргі таңда жобаның бес бағыты бойынша ауылдық округтердің жоба-есептері нақтылануда.