Денсаулық

Әркім солай ойласа...

Әркім солай ойласа...

Ертеде бір ақылды патша: «Бүгін орталық алаңға үлкен бөшке қойдырамын. Сүт жинау керек болып жатыр. Таң атқанда әр тұрғын бір кеседен сүт әкеліп құйыңдар!», – деп жарлық береді. Ондағы мақсаты өзі басқарып отырған халыққа ой салу екен.

Ертеңіне қараса бөшкенің іші сүт емес, таза суға толып тұр екен. Түні бойы әр адам: «Сонша сүттің ішінен менің бір кесе суым білінеді деймісің...» деп ойлаған көрінеді. Нәтижесі таңертең байқалып тұр. Сонда патша қарамағындағы барша халықты жинап алып: Ардақты қауым! Бұл бөшкені қойғанның өзінде сіздерді сынау мақсатын көздеп едім. Менің халқым адал ма, соны білсем дедім. Сіздер бәріңіз бірден: «Менде тұрған не бар?» деп ойладыңыздар. Ал бүкіл қауым солай ойлағанда нәтижесі қандай болатынын көрдіңіздер. Мұның өзі сіздерге сабақ болсын», – деп ескерту жасапты. Ақылды патшаның дәл осы өсиеті «Менде тұрған не бар?» деп әлі немкетті ойлайтын, қолынан келсе қонышынан басқысы келетін кейбір азаматтарға да ой салса қанеки!

Есет ДОСАЛЫ