Жемісін кейінгі ұрпақтар жемей ме?
Жемісін кейінгі ұрпақтар жемей ме?
– Мынау көшетіңіз жеміс бергенше, жоқ дегенде 20 жыл керек. Төріңізден көріңіз жақын қалғанда, жемісін көрмейтін іске неге арамтер болып жатырсыз? – деп сұрайды. Сонда қария: – Бұрынғылар еккен ағаштың жемісін біз теріп жеген болатынбыз. Енді біз еккен ағаштың жемісін кейінгілер жемей ме?! – депті. Патша сонда: «Неткен әдемі сөз!» – дейді де, қарияға сыйлық ретінде 400 динар бергізеді. Ақшаны алған қарт күлімсірейді. «Қария, неге күлдіңіз?» – деп сұрайды сонда патша. – Зәйтүн ағашы жиырма жылдан кейін жемісін берсе, менің ағашым қолма-қол жеміс берді! Соған қуанып тұрмын, – дейді. Патша бұл сөзге одан сайын таңданып, тағы да 400 динар бергізеді. Қария тағы да күледі. Патша себебін сұрағанда: – Зәйтүн ағашы жылына бір-ақ рет жеміс берсе, менікі екі рет жеміс беріп тұр емес пе? – дейді. Бұл жауапқа қайран қалған патша тағы да 400 динар бергізеді. Сосын атын тебініп қарияның қасынан жылдам ұзап кетеді. Былай шыға бере уәзірі: – Тақсыр, неге асықтыңыз? – деп сұрайды. Сонда патша: – Әлгі қарияның қасында тұра берсек, тапқыр сөздері таусылғанша біздің қазынамыз да таусылатын түрі бар, – деп күлген екен. Жасаған әр жақсылығыңның жеміс беретіні даусыз.
Есет ДОСАЛЫ