Денсаулық

Қаржылық пирамидалар дегеніміз не және оны қалай анықтаймыз?

Қаржылық пирамидалар дегеніміз не және оны қалай анықтаймыз?

Пирамида ағылшын тілінен аударғанда «монументтік құрылғы»– деген ұғымды білдіреді. Қаржы компаниялары колданатын жеңіл табыс тәсілі, күдікті мәміле. Компания сатқан құнды қағаздарды алған «пирамиданың» төменгі қабатын құрайтын алаяқтыққа тартылған адамдардың ақша қаражаттары, одан бұрын құнды қағаздарды сатып алған адамдарға ішінара төленіп, сондай-ақ кең көлемді жарнамаға жұмсалады және қаржы компаниясының пайдасына алынады. «Пирамида» ерте ме, кеш пе әйтеуір бір кезде құлайды, бұл жағдайда төменгі қабаттағы қатысушылар өздерінің салымдарын жоғалтады, ал компания не күйрейді, не болмаса жаңа «пирамиданы» құруға кіріседі.

Қаржы пирамидасының ерекшелігі – тез және оңай ақша табу туралы уәде. Қаржы пирамидалары көбінесе өздерін инвестициялық кәсіпорын ретінде көрсетеді. Олар, мысалы, акциялар мен облигацияларды сатып алуды ұсынады, жоғары өнімді құрылысқа, алтын өндіруге немесе ультра тиімді өндіріске инвестиция салуға уәде береді. Олар жарнама науқанында нақты және тартымды ұрандарды ұсынады: Интернет компаниясы, инновациялық жоба, криптовалюталар, тұрғын үй кооперативтері, алтын, әлеуметтік желілер. Заманауи пирамидалардың өмір сүру ұзақтығы ұйымдастыру көлеміне және бағдарламаларға байланысты. Көлемі мен ерекшелігіне байланысты, ол қызметін 3 күннен 16 жылға дейін жүзеге асыра алады. Мысалы, пирамида түріндегі әйгілі Madoff Investment Securities (АҚШ) инвестициялық компаниясы 48 жылға созылды (1960-2008). Қаржы пирамидаларының негізгі түрлері: Көп деңгейлі пирамидалар – бұл құрылымның құрылуының және жұмыс істеуінің негізгі тетігі: әрбір келген адам бастапқы төлем жасайды, ол иерархиядағы жоғары сатыдағы мүшелер арасында таратылады. Өз кезегінде, жаңадан бастаушы ақша табу үшін, жарналары осылай бөлінетін бірнеше адамды шақыруы керек. Осылайша, жаңа мүшелер ағымы аяқталғанша жалғасады. Желілік маркетинг қағидатына негізделген пирамидалар – бұл схеманы іске асырудың негізгі тетігі компанияның тауарларды/қызметтерді сатуы болып табылады. Бұл жағдайда өнім жалған болып табылады және көбінесе оның құны асыра бағаланады. Көбіне бұл өнімдер: сағаттар, косметика, тұрмыстық химия, және т.б. болып табылады. Мессенджерлеріне шақырту сілтемелері арқылы қағидатына негізделген пирамидалар - WhatApp, Telegram және т.б. мессенджерлерде онлайн-топтарда ғана жүзеге асырылады. Топ құрылады, ол үшін Сіз белгілі бір соманы төлеуіңіз қажет. Қосылғаннан кейін қосымша 2-4 адамды шақыру қажет, 200% -дан 400%-ға дейін сыйақы беріледі. Шақырылған қатысушылар саны шектелмейді. Эксклюзивті клубқа қатысу (мүшелік) – клубтар круиздер, ваучерлер, саяхаттар, бизнесті құру және жылжыту, маркетинг, инвестициялар, копирайтинг, сонымен қатар хиромантия, астрономия, ақыл-ой тепе-теңдігін жақсарту, психология, нумерология, символдар, сиқыр және т.б. ұсынады. Сонымен қатар, қаржы пирамидалары қаржы пирамидаларының келесі белгілеріне ие: – Жоғары кірістілік, пассивті кіріс туралы уәде бере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда, оның ішінде әлеуметтік желілерде жаппай жарнама жасау; – Компания клиенттерден жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті нарықтық бағадан жоғары бағамен сатып алуды ұсынады (үш айдан бастап бөліп-бөліп немесе ең төменгі пайыздық мөлшерлеме бойынша), сондай-ақ керісінше клиенттерге жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алуды ұсынады (міндетті аванстық төлеммен); – Белгілі бір сомаға тауарды/қызметті сатып алу және қосымша бірнеше тұлғаны тарту (бұл ретте бөлшек сауда жоқ) міндетті шарт болып табылады; – Жеке тұлғаның карточкалық шотына, не төлем ұйымдарының терминалдары арқылы электрондық әмиянға ақша енгізу жүзеге асырылады; – Компанияның, жеке тұлғаның немесе қоғамдық жобаның қызметі туралы нақты анықтама бермейді (бірегей қызмет туралы мәлімдеме). – Компанияның немесе Жобаның қызметіне кейіннен қатысу үшін алдын ала (арнайы) жарналардың болуы. – Нарықтық көрсеткіш деңгейінен едәуір жоғары табыстылықтың жария уәдесі. – Табыстылыққа кепілдік беру (банк салымдарынан басқа қаржы нарығында тыйым салынған); – Атауларда, символизмдерде, жарнамаларда танымал компанияларға, брендтерге ұқсайтын символизмдерді немесе сөздер мен сөз тіркестерін қолдану. Сізге қаржы пирамидасының қатысушысы болу ұсынылған жағдайда, Сіз дереу тұрғылықты жеріңіз бойынша құқық қорғау органдарына, ІІМ мен ҚМА-ге жүгінуіңіз керек.

Ерлан МОНТЫБАЕВ.

ҚР Ұлттық Банкінің