Денсаулық

Берешегі жоқ ауыл

Берешегі жоқ ауыл

Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бастамасымен жеке тұлғалардың салықтары бойынша берешек сомаларды өндіру аясында «Берешексіз ауыл» жобасы қолға алынған болатын.

Жобаның мақсаты–жеке тұлғалардың берешек сомаларын ауылдық округ әкімі аппаратымен бірлесіп өндіру, салық төлеуші тұрғындармен тығыз жұмыс жүргізу, үйме-үй аралау, заңда көрсетілген шараларды кеңінен түсіндіру. Атап айтқанда, борышкерлерге жобаға сәйкес салық берешегін өтеу туралы хабарламалар, жадынама парақшаларын үлестіру жұмыстары жүргізіледі. – Пилоттық жобаға біздің Жамбыл ауданынан Тоғызтарау ауылдық округі таңдалып, шілде айына дейін берешекті 100 пайыз өтеуі тиіс болатын. Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары мен аталған ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерлерінің түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, тоғызтараулықтардың берешегі толығымен өтелді. Облыс бойынша алғашқылардың бірі болып Тоғызтарау ауылдық округі пилоттық жобаны мерзімінен бұрын сәтті аяқтады, – дейді аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Аслан Төрешов. Тоғызтарау ауылдық округінің әкімі Нұрәділ Төлековтің айтуынша, берешектен түскен түсім ауылдағы қоғамдық кеңестің шешімімен округті абаттандыруға жұмсалмақ. Ауылдық округке Тоғызтарау, Құмсуат, Жаңаөткел елді мекендері қарайды.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ,

аудан әкімдігінің

баспасөз хатшысы.

Жамбыл ауданы.