Жол жөндеу жұмыстары жалғасуда
Жол жөндеу жұмыстары жалғасуда
Облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібековтің айтуынша, биыл облыста жол құрылысына 16,2 миллиард теңге бөлінген. Оның 8,3 миллиард теңгесі республикалық, 4,4 миллиард теңге облыстық, 3,5 миллиард теңгесі аудандық және қалалық бюджеттерден қаралыпты. – Биыл облыста жол құрылысы бойынша 252 жобаны іске асыру жоспарланған. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» бағдарламасы аясында қолға алынған 28 жоба бойынша 230 километр автомобиль жолы жөнделмек. Ал «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 77 жоба аясында 169,4 километр жолға асфальт жабыны төселмек. «Өңірлерді дамыту – 2025» бағдарламасы аясында 2 жоба қаралса, жөнделетін жолдың ұзындығы 9,4 километрді құрайды. Жергілікті бюджет есебінен 145 жобаны іске асыру көзделген. Бұл жобаның аясында 196,3 километр жол жөндеу көрмек, – дейді ол. Бөлінген қаражат есебінен Тараз қаласындағы 9,4 километр жол қайта жаңғыртудан, 622,8 километр жол орта жөндеуден өткізілмек. Оның 194,1-і облыстық, 53,6-сы аудандық маңызы бар жолдар санатында болса, 357,5 шақырымы елді мекен көшелерін құрайды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оны күтіп-ұстау аясында төмендегідей жұмыстар қаралған. Атап айтсақ, 42042 шаршыметрді құрайтын жол шұңқырларын жөндеу, 952 жаңа жол белгілерін, 204 жол бойына белгі беру бағандарын, 16 жүргізушілердің назарына ескерту билбордтарын орнату, 204 жасанды тегіссіздік орналастыру жоспарланған. Сондай-ақ 1605 шақырым жол жамылғысына өстік таңба салу, 106 шаршыметрге шулы жолақтар орнату, 13522 километр жол жиегін автогрейдермен тегістеу, 375 шаршыметр жол жамылғысындағы толқыған, бүлінген кедергілерді қалпына келтіру, 224,2 гектар жол шетіндегі өртке қарсы минералданған жолақтарды жырту жұмыстары көзделген. Бұдан бөлек, Жуалы ауданындағы қар басып қалу қаупі жоғары «Б.Момышұлы- Қошқарата» автожолының бойында 2018-2019 жылдары орнатылған қар қорғау қалқандарын жөндеп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек. Жалпы биыл «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі» индикаторлық көрсеткішінің межесі 97 пайызды құраса, елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 82 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Тараз қаласына тоқталатын болсақ, қалада 1388 көше бар (821 көше, 3 даңғыл, 465 бұрылыс, 50 тұйық, 49 өткел), оның ішінде асфальт жамылғысы төселгені – 830 (59,8 %), шағал тас төселген 558 көше (40,2 %) бар. Ол жолдардың ұзындығы 1831,3 шақырымды құрайды. Оның асфальт төсеніші бары – 1 128,1 (61,6 %), шағал жолы – 703,2 шақырым (38,4 %). – Биыл 45 жоба бойынша орташа, 2 жоба бойынша қайта жаңғырту, 12877 шаршыметрді ағымды жөндеу, апаттық қалпына келтіру және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары атқарылатын болады, – дейді басқарма басшысы. Бұдан бөлек жұмыстарға техникалық қадағалау қызметін көрсету мақсатында «Индустрой Инжиниринг» ЖШС, «ҚұрылысСаудаЭкспо» ЖШС, «Бірлік Сапа» ЖШС-мен келісімшарттар жасалған. Мәмбет батыр, Ташкент көшелерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жобасының жалпы құны 1 миллиард 506 миллион теңгені құрайды. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары бастау алып, өндірістік кестеге сәйкес атқарылуда. Қаланың 70 көшесі мен бұрылыстарына 12 877 шаршыметрді құрайтын ағымды жөндеуге бюджеттен 62,4 миллион теңге қаралған. Қазіргі таңда Қаратай Тұрысов, Шостакович, әл-Фараби, Ұлбике ақын, Рахимов, Рысбек батыр, Қадырғали Жалаири (1 бұрылысы, Рахимов көшесінен Ниетқалиев көшесіне дейін) көшелерінде жөндеу жұмыстары 3800 шаршыметрде жүргізілді. – Жол жөндеу бойынша құрылыс жұмыстары жалғасын табуда. Бүгінде Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы бойындағы автомобиль көпірін (горбатый мост) апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына 30 207,788 мың теңге бөлініп, ондағы құрылыс жөндеу жұмыстары аяқталып, көпір қайта пайдалануға берілді. Барлық бағдарламалар мен жобалар бойынша мердігерлер өздеріне белгіленген учаскелерде жол жөндеу жұмыстарын жалғастыру үстінде. Кестеге сәйкес құрылыс нысандары кезең-кезеңмен аяқталып, пайдалануға берілуде, – дейді басқарма басшысы.
Марат ҚҰЛИБАЕВ