- Advertisement -

Басты мақсат – тұрақты жұмыспен қамту

530

- Advertisement -

Қазіргі таңда жабық мекемелерде жазасын өтеушілерді жұмыспен және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында жүйелі жұмыстар қолға алынуда. Бұл бағытта өңірлік ҚАЖ департаменті мен жергілікті атқарушы органдар сондай-ақ «Атамекен» ҰКП үшжақты меморондумға қол қойып, соның аясында сотталған азаматтарды еңбекке тарту өз жалғасын табуда.

Мәселен, «Самұрық Компания» ЖШС-де бүгінде 30 сотталған азамат еңбек етуде. Олар мұнда көлік жөндеумен қатар арнайы станоктардың көмегімен пескоблок жасауда. Серіктестік директоры Р.Курмановтың айтуынша, тұтынушылар тарапынан олардың өнімдеріне сұраныс өте жоғары. Сол себепті де, алдағы уақытта жұмыс көлемін ұлғайту жоспарлануда. Айта кетейік, мұнда еңбек ететін сотты болған азаматтар ЖД-158/5 мекемесінде жазасын өтеуде.

Нұрсұлу КЕНІШБАЕВА,
ЖД-158/5 мекемесі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет аға лейтенант

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support