Денсаулық

Тұрғындар баспаналы болды

Тұрғындар баспаналы болды

ЖАМБЫЛ АУДАНЫЖақында Рахат ауылындағы көпбалалы екі отбасыға баспана кілті табыс етілді.

Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков пен Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетов арнайы барып, қуаныш иелерін құттықтады. Бұл күні тұрғындар мен кәсіпкерлер, қолы ашық ауыл азаматтары көпшілік алғысын арқалап, сауапқа кенелді. Баспанаға ие болғандардың бірі Жақсылықов көшесінде тұрса, екінші азамат Айдаров көшесінің тұрғыны. Баспана 5 бөлмеден тұрады, тұрғын үйге ауыз су және электр желісі кіргізілген. Табиғи газ енді қосылмақ. Ауылдастарының жасаған жақсылығына үйлі болған отбасы мүшелері алғыстарын білдірді.

 Жүрсінгүл ЖАҚЫП