Денсаулық

Қазақстанда тыйым салынған ДВК ұйымының үш жақтаушысына үкім шығарылды

Қазақстанда тыйым салынған ДВК ұйымының үш жақтаушысына үкім шығарылды

Қазақстанда тыйым салынған ДВК экстремистік ұйымының үш жақтаушысына үкім шығарылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.

«Бұған дейін хабарланғандай, сол күндері жаппай тәртіпсіздіктерге Қазақстанда тыйым салынған «ДВК/ Көше» (ДВК) экстремистік ұйымының жақтаушылары белсенді қатысты. Шымкент қаласында сот үкімімен осы ұйымның үш жақтаушысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Мемлекеттік объектілерді өрттеу, мүліктерді жою және терроризм актілері Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында жасалғаны белгілі болды.